Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департаменті туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Қаржы департаменті

туралы Ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Қаржы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

 4. Департамент:

1) Индустриялық-инновациялық даму саласында бюджеттік жоспарлау басқармасы;

2) Транспорт және коммуникация саласында бюджеттік жоспарлау басқармасы;

3) Бюджеттік бағдарламаларды орындау басқармасы;

4) Талдау және бюджеттік бағдарламаларды бағалау басқармасы;

5)  Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы;

6) Қаржыландыру басқармасынан тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5.Міндеті: Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасына сәйкес Министрліктің бюджетті жоспарлауды жүзеге асырады.

Функциялары:

1) Министрлік жетекшілік ететін салаларда алдағы үш жылдық кезеңдегі республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру/нақтылау;

2)әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлерге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мәніне, бюджеттік және өзгеде Қазақстан Республикасы заңнамаларының қолданыстағы мемлекеттік     көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және олардың табиғи нормалар сәйкестігіне Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдері мен стратегиялық жоспардың жобаларын қарастыруды жүзеге асырады.

3) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізілімін қалыптастыруына, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырылуын мониторингілеу және бағалауына қатысу;

4) жоспарлы кезеңде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру үшін  жұмыс тобының отырысын жүргізуді ұйымдастыру;

5) жоспарлы кезеңде бюджеттік өтінімдердің жиынтығын және бюджеттік заңнамалар мен қағидаларға  сәйкес оларды тиісті жылға қалыптастыру сондай-ақ бюджетті жоспарлау бойынша уәкілетті органға уақтылы ұсыну;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен арқылы тиісті кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларын қалыптастыру және бекіту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

7) бюджетті жоспарлау бойынша уәкілетті органға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

8) бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне әдістімелік  және прктикалық көмек көрсету;

9) Министрліктің іске асырылатын әр бюджеттік бағдарламалары бойынша жинақтаушы талдамалық ақпаратты жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын  әзірлеуге қатысу.  

6. Міндеті: Бюджетті орындауын мониторингілеу және үйлестіру

Функциялар:

1)«Бюджеттік қаражатты басқару» бағыттары бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға жыл сайынғы бағалау шеңберінде ақпаратты дайындау және ұсыну;

2) Министрліктің штаттық кестесінің жиынтық жобасын дайындау;

3) Министрліктің қаржыландыру жоспарларының жүзеге асыру және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну;

4) жеке қаржыландыру жоспарларына және жиынтықтарға өзгерістерді енгізу мен бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну;

5) инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік бағдарламаларды орындау туралы ай сайынғы есептерді дайындау және уәкілетті органға ұсыну;

6) бюджеттік бағдарламаларды іске асырылуын ай сайын мониторингісін жүргізу және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға есептік ақпаратты ұсыну;

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан бөлінген жергілікті атқарушы органдарды дамытуға нысаналы трансферттерге бөлінген бюджеттік қаржыларды пайдалануын және шығыстарды мониторингілеуді жүргізу; 

8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп және мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекемелермен бюджеттік қаржыларды толық және уақтылы игеру бойынша жұмыстарды жүргізу;

9) Министрлікке республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаржыларды игерілуінің мониторингілерін жүзеге асыру;

10) барлық бюджеттік бағдарламар бойынша бюджеттің орындалуы турлы Министрліктің басшыларына ақпараттарды ай сайын дайындау;

11) орталық уәкілетті органдарға ай сайынғы бюджеттік қаржыларды игерілуін күту туралы есептерді жинау және ұсыну;

12) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылауда жүзеге асыру;

13) жоғарыда және төменде тұрған  бюджеттік төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының сәйкестігіне айлар бойынша нысаналы трансферттер сомаларының бөлісінің тексеру;

14) жергілікті атқарушы органдардың тікелей және түпкілікті нәтижелерді нақты жетуі туралы аралық және қорытынды есептерді тексеру және жинақтау;

15) жергілікті атқарушы органдардан нысаналы трансферттерді игеру сомасына және пайдаланбаған (пайдалана алмаған) нысаналы трансферттердің қайтарылуын растайтын төленген есептердің көшірмесіне «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»  № 4-20 тәртібінде нысаның түпнұсқасын жинақтау;

16) нысаналы трансферттердің сомаларын түзету және нақтылау бойынша жұмыстар, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы келісімдерге белгіленген бюджеттік тәртібіде заңнамалық қосымшалар мен өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар;

17) Әр бюджеттік бағдармалар бойынша  республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық сараптамалық есепті қалыптастыру бойынша жумыс жүргізу және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну.

18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетті атқаруы туралы есепті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде жыл сайынғы тыңдауға материалдарды дайндау жөніндегі жұмысты жүргізеді.

19) Мониторинг бойынша жиынтық аныктаманы, бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздеру туралы есепті, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы есепті (бұдан әрі - БИЖ), БИЖ іске асыру барысы туралы жиынтық анықтаманы, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру мониторингі бойынша есепті жасаған кездегі жұмысты жүзеге асырады және бақылайды.

7.Міндеті: бухгалтерлік есеп және есептілік

Функциялар:

1)  еңбек демалысының сыйақысын төлеуі, уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақысы, демалысқа сауығу үшін жәрдемақысы, еңбек жалақысының уақтылы және сапалы аударымы және есептеуі; әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы енгізулерді аудару және ұстау;   

2)  Министрліктің келісім-шарттары мен техникалық ерекшеліктері оларға бекітілген тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, стратегиялық жоспарға, бюджеттік өтінімге сәйкестігін тексеру;

3)  Казначейлік органдарда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін  өнім берушілімен келісім-шарттарды тіркеу;

4)  дебиторлық және несиелік берешектер бойынша тіркеуді жүргізу;

5)  Шартты міндеттемелерді орындау мерзімі бойынша мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Үкімет қорынан қаржыларды аймақтарды дамытуға арналған  нысаналы трансферттерді, жеке тұлғаларға трансферттерді уақтылы аудару;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылатын орындалған жұмыстардың актілерін, ұсынылатын есептілік құжаттамалардың дұрыстығын және толықтығын тексеруді жүзеге асыру;

7) Министрліктің шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілігін дайындау және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асыру;

8) белгіленген мерзімде декларацияларды және тиісті есептерді статистика органдарына және салық органдарына ұсыну;

9) Министрлікте синтездік бухгалтерлік және талдамалық есепті ұйымдастыру;

10) бюджеттік қаржыларды дұрыс, мақсатты және тиімді жұмсауды бойынша мониторингпен қамтамасыз ету;

11) Министрліктегі орталық аппараттың мүліктерін түгендеуді жүргізу;

12) уәкілетті органға тиісті есептерді бекітілген мерзімде ұсыну.

8. Құқықтары мен міндеттері:

8.1.Департамент:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін белгіленген заңнамалық тәртіпте мәселелер бойынша түсініктемелерді ұсыну;

2) Департаментке жүктелген құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағынысты ұйымдардан орындау үшін қажетті құжаттар, есептер, анықтамаларды және басқа да материалдырды сұрату және алу;

3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кенестерді ұйымдастыру және жүргізу; 

4) заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

5) құзыретіне және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8.2. Департаменттің міндеттемелерді мыналар кіреді:

1) Министрліктің басшылығына Департаменттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісіне, жоғарыда тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың мәселері бойынша   материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзгеде міндеттемелерді орындайды.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын  Директор басқарады.

11. Департамент Директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады  және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

12. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.   

13. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2)  Департаменттің құрамына кіретін  Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент Директоры Қазақстан Республикасы заңнамалығына сәйкес орынбасарлары бар.

15. Директор Департаментінің орынбасарлары:

1) өз өкілеттігі  шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын тұлға қол қояды.

17. Департамент директоры, оның орынбасары және Басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу керек және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы заңнамасын сақтауға жеке жауапты болады.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарында белгіленеді.

 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Қаржы департаменті